ARQA — Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастығының (The European Association for Quality Assurance in Higher Education, ENQA) толыққанды мүшесі болып табылады.
Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету қауымдастығы 2000 жылы Еуропалық елдер арасындағы осы саладағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету желісі ретінде құрылды. Мұндай ұйым құруға түрткі болған жоба — жоғары білім сапасын бағалау бойынша 1994–1995 жылдары жүзеге асырылған еуропалық пилоттық жоба болды. Бұл жоба сапаны қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетті. Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша еуропалық ынтымақтастық идеясы Еуропалық кеңестің қолдауына ие болып, бұл 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Еуропалық кеңестің ұсынымдарында және 1999 жылғы Болонья декларациясында көрініс тапты. 2004 жылғы қарашада қауымдастықтың Бас Ассамблеясында бұл ұйымды Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету қауымдастығы деп қайта атау туралы шешім қабылданды.
Қауымдастық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы еуропалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған.
ENQA — Болонья декларациясына қол қойған елдердің сапаны қамтамасыз ету агенттіктерімен ынтымақтастыққа ашық ұйым. ENQA мүшеліктің екі түрін ұсынады: толыққанды мүшелік және кандидат-мүшелік. Бұған қоса, қауымдастық сапаны қамтамасыз ету агенттіктеріне ассоциативті немесе аффилиирленген мәртебе беруі мүмкін. ENQA веб-сайтында қауымдастық мүшелерінің толық тізімі берілген, бұл тізімде «ARQA» Агенттігі де көрсетілген.
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісі — The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, — 1991 жылы құрылған және бүгінгі күні 270-тен астам мүшені қамтиды. INQAAHE желісі әлемдегі жоғары білім сапасын бағалау саласындағы теория мен практика мәселелерімен айналысатын бірінші, ең ауқымды және мойындалған ұйым болып табылады.
INQAAHE мыналарды жүзеге асырады
INQAAHE-де мүшеліктің үш түрі қарастырылған: толық құқықты, қауымдастырылған және үлестес. ЖОО немесе білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауға жауапты ұйымдар (аккредиттеу агенттіктері; бағалау жүргізетін агенттіктер және ұқсас ұйымдар; аккредиттеу агенттіктерінің қызметін танумен айналысатын органдар) толыққанды мүше болып табылады.
«ARQA» білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі 2017 ж. 24 мамырында INQAAHE-ның толыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды. INQAAHE веб-сайтында «ARQA» агенттігі көрсетілген желі мүшелерінің толық тізімі бар.
Мүшеліктің артықшылықтары
Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің желісі (CEENQA) 2001 жылғы 13 қазанда Польшадағы Краков қаласында құрылған.
Өз қызметінде агенттік жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық деңгейде танылған стандарттар мен нұсқаулықтарға сүйенеді, атап айтқанда: Еуропалық стандарттар мен ұсынымдар (ESG), INQAAHE ұйымының жақсы тәжірибе жөніндегі басшылық қағидаттары, сондай-ақ ECA ұйымының жақсы тәжірибе кодексі және т.б.
Білім сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттік «ARQA» 2019 жылғы 11 желтоқсанда CEENQA ұйымының толыққанды мүшесі мәртебесін алды. CEENQA ресми веб-сайтында желі мүшелерінің толық тізімі ұсынылған, онда «ARQA» агенттігі де көрсетілген (https://www.ceenqa.org/members/full-members/kazakhstan/).
IREG — университеттердің рейтингтері мен академиялық жетістіктеріне қызығушылық танытатын рейтингтік ұйымдар, жоғары оқу орындары және басқа да ұйымдардан құралған халықаралық институционалдық коммерциялық емес қауымдастық.
IREG-тің мақсаты — университеттердің рейтингтері мен академиялық жетістікке байланысты мәселелер бойынша қоғамның хабардарлығын және түсінігін арттыру.