ARQA сарапшысы — бұл білім беру ұйымдарын және/немесе білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүзеге асыратын және осы салада ARQA расталған кәсіби құзыреттілікке ие маман.
Аккредиттеудің әртүрлі нысандарын жүргізу үшін ARQA Қазақстаннан да, шетелден де жоғары білікті сарапшылармен ынтымақтасады. Сарапшылардың тұрақты кәсіби дамуына ерекше назар аударылады: олар үнемі білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы біліктілікті арттыруға және білімді өзектендіруге бағытталған оқуға, семинарларға қатысады.
ARQA сарапшысы міндетті:
• Өз пәнінің маманы болу және міндеттерін адал атқару;
• Сыртқы бағалау бойынша қорытындылардың дұрыстығына жауапты болу;
• Кәсіби құзыреттілік деңгейін үнемі арттыру;
• Білім беру ұйымдарының өкілдерімен және әріптестерімен құрметпен өзара іс-қимыл жасау;
• Адалдық, құрмет, жауапкершілік, объективтілік және ойды анық жеткізе білу сияқты жеке қасиеттерге ие болу;
• Әдеп кодексін сақтау.
ARQA әр түрлі саладағы мамандарды тарта отырып, сарапшылар пулын үнемі кеңейтіп отырады.
Сарапшы болғысы келетін үміткер төмендегі өтінім нысанын толтырып, келесі құжаттарды ұсынуы керек:
— жеке куәліктің көшірмесі;
— Байланыс ақпараты көрсетілген түйіндеме.
Сондай-ақ, төменде 2023 жылдан бастап Аккредиттеу рәсімдеріне қатысқан ARQA сарапшыларының тізімімен танысуға болады.