Логотипті пайдалану ережелері

ARQA агенттігінің «Қазпатентте» тіркелген логотипі бар.

ARQA тарапынан аккредиттелген білім беру ұйымдары (БҰ) логотипті қолдану тәжірибесі бар. Логотипті білім беру ұйымдары түлектердің дипломдарына, ұйымның веб-сайтына немесе басқа да құжаттарға орналастыру үшін пайдалана алады. Ол үшін БҰ Агенттікке тиісті өтініш жібереді. Келісім берілген жағдайда, Агенттік білім беру ұйымына логотиптің электрондық нұсқасын жолдайды және оның пропорциясы мен түс гаммасын бұзбауды, қосымша әсерлерді (мысалы, жиектеу) қолданбауды сұрайды. Егер білім беру ұйымы логотипті өз бетінше бейнелегісі келсе, Агенттік логотипті әзірлеу бойынша нұсқаулық ұсынады және әзірленген нәтижені Агенттікпен келісіп бекітеді.

  • ARQA агенттігінің тауар таңбасына куәлік
/