Турин процесі серіктес елдерде техникалық және кәсіптік білім беру мен оқыту саласындағы нақты деректер негізінде саясатты талдау процесі болып табылады. Еуропалық білім беру қоры (ЕБҚ) барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуын көздейді. Турин процесі 2010 жылы іске қосылды және екі жылда бір рет өткізіледі, ол ЕБҚ серіктес елдерінде кәсіптік білім беру және оқыту жүйелерінің даму жағдайы туралы жалпы түсінік береді және қол жеткізілген прогреске, сондай-ақ болашаққа басымдықтарға шолу жасайды. Қазақстан 2012 жылдан бастап Турин процесінің қатысушысы болып табылады.
Қазақстанның Турин процесіне қатысуының негізгі бағыттары:
- ТжКБ негізгі индикаторларын талдау;
- озық тәжірибе үлгілерін тарату, бағалау және саясатты әзірлеу;
- мүдделі тараптардың барлық топтарын белсенді тарту;
- әдіснамалық құралдар;
Турин процесі жөніндегі елдік баяндаманың нәтижелері Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саясатын әзірлеу үшін негіз болып табылады.