Аккредиттеу органының білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің болуын растау мақсатында белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі.
Аккредиттеу органының білім беру бағдарламаларының (мамандықтар) сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің болуын растау мақсатында белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі.
Аккредиттеу органының білім беру ұйымының сапасын мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгіленген стандарттарына сәйкестігіне және оны арттырудың тиімді тетіктерінің болуын бағалау процессі.
Мамандандырылған аккредиттеу сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін қолдау және сапаны бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін жүргізумен негізделеді.
Оқу орындарын аккредиттеу алты бірізді кезеңнен тұрады: дайындық, өзін-өзі бағалау, сыртқы бағалау, шешім қабылдау, хабардар ету және кейінгі рәсімдер.
Өзін-өзі бағалау – бұл оқу орнының өзінің білім беру қызметіне ішкі баға беру үдерісі.
Сыртқы бағалау – бұл оқу орнына сыртқы сарапшылардың жүргізетін бағасы.
Өзін-өзі бағалау туралы есеп – оқу орны ішкі бағалау нәтижесінде жасайтын құжат.
Сыртқы бағалау туралы есеп – бұл аккредиттеу органының Тәуелсіз сараптамалық тобы сыртқы бағалау нәтижесінде жасайтын құжат.
Әр кезеңнің егжей-тегжейлі сипаттамасымен Өзін-өзі бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықтан танысуға болады.
1. Білім беру ұйымы аккредиттеуге өтінім береді. Өтінімге келесі құжаттар қоса тіркеледі:
• мемлекеттік лицензияның және оның қосымшаларының көшірмесі (бар болған жағдайда);
• ұйымның қысқаша сипаттамасы.
Өтінім формасын ARQA ресми сайтынан жүктеп алуға немесе мына электрондық пошта арқылы сұрауға болады: office@arqa.kz.
2. Өтінімді ARQA агенттігі қарастырады.
3. ARQA мен ұйым арасында аккредиттеудің мерзімі, құны және өткізу тәртібі көрсетілген шарт жасалады.
1. Аккредиттеу әдістемесі мен рәсімдері бойынша ішкі стейкхолдерлерге арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылады.
2. Ұйым ARQA талаптарына сәйкес өзін-өзі бағалау жүргізеді.
3. Өзін-өзі бағалау туралы есептің алғашқы нұсқасы (мемлекеттік немесе орыс тілінде, электрондық форматта) ARQA агенттігіне жіберіледі.
4. Есеп ARQA тәуелсіз сарапшылары тарапынан талданады. Нәтижесінде келесі шешімдердің бірі қабылданады:
• есепті толықтыру;
• сыртқы бағалауды (визитті) тағайындау;
• стандарттарға сәйкес келмеген жағдайда сыртқы бағалаудан бас тарту.
5. Өзін-өзі бағалау туралы есептің соңғы нұсқасы жоспарланған визитке дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ARQA агенттігіне ұсынылады. Рәсімді өткізу мүмкін болмаған жағдайда шарт бұзылады.
1. Білім беру ұйымымен сыртқы бағалау (визит) өткізу мерзімдерін келісу.
2. ARQA сараптамалық тобын қалыптастыру, сарапшылар құрамын ARQA Сараптамалық кеңесімен келісу.
3. Сыртқы бағалау (визит) бағдарламасы мен сараптамалық топтың жұмыс жоспарын әзірлеу және келісу.
4. Сыртқы бағалау рәсімін (визитті) өткізу — сараптамалық топтың білім беру ұйымына баруы (3 күн).
5. Сыртқы бағалау (визит) қорытындылары бойынша ұсынымдар мен ескертулерді қалыптастыру.
6. Сыртқы бағалау (визит) нәтижелері бойынша есепті дайындау.
7. Сыртқы бағалау (визит) нәтижелері бойынша есепті білім беру ұйымына жіберу. Есепті алғаннан кейін бір апта ішінде техникалық немесе фактілік дәлсіздіктер анықталған жағдайда, білім беру ұйымы өз ескертулерін ARQA агенттігіне жолдай алады.
1. ARQA өзін-өзі бағалау есебі мен визит нәтижелерін талдау негізінде материалдар дайындайды.
2. Аккредиттеу кеңесі келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
• Толық аккредиттеу (5 жылға немесе басқа мерзімге);
• Міндеттемелермен аккредиттеу (ex-ante аккредиттеу жағдайында — 4 жыл ішінде студенттерді қабылдау құқығымен);
• Шартты аккредиттеу (кемшіліктер болған жағдайда 1 немесе 3 жылға);
• Аккредиттеуді кейінге қалдыру (ұйымның өтініші бойынша);
• Аккредиттеуден бас тарту (айтарлықтай сәйкессіздіктер анықталған жағдайда).
3. Ұйым есепті алады және қажет болған жағдайда 7 күн ішінде өз ескертулерін жолдай алады.
4. Қажет болған жағдайда ұйым ARQA Апелляциялық комитетіне апелляция бере алады.
1. Аккредиттеу кеңесінің шешімі туралы бұйрық білім беру ұйымына жіберіледі.
2. Оң шешім қабылданған жағдайда ARQA білім беру ұйымына институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу туралы сертификатты жолдайды.
3. Білім беру ұйымын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу туралы шешім тиісті Министрлікке жолданып, Ұлттық Тіркеу 2 және (немесе) Ұлттық Тіркеу 3 тізіміне енгізу үшін беріледі және ARQA агенттігінің веб-сайтында орналастырылады.
4. Аккредиттеу туралы шешім мен сыртқы бағалау (визит) есебі ARQA ресми сайтында жарияланады — www.arqa.agency.
1. "Аккредиттелген" мәртебесі берілгеннен кейін білім беру ұйымы білім сапасын тұрақты жақсарту және қамтамасыз ету жоспарын әзірлейді және оны ресми веб-сайтында жариялайды.
2. Аккредиттелген білім беру ұйымы екі жылда бір рет білім сапасын сақтау мақсатында жетістіктері мен өзгерістері туралы есепті ARQA агенттігіне ұсынуы тиіс.
3. Егер білім беру ұйымы есепті ARQA агенттігіне ұсынбаса, институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу мәртебесінің күші уақытша тоқтатылуы мүмкін.