Техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрларын және орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім.
Техникалық және кәсіптікбілімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік оқыту шеберінің, оқу — өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында практика басшысының басшылығымен, тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен-кәсіпорындар (ұйымдар) базасында орындалатын өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы қамтиды.
Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмыс біліктілігі және (немесе) «орта буын маманы» біліктілігі беріледі.
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары колледждер мен жоғары колледждерде іске асырылады.
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі.
Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына және білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты мынандай білім беру бағдарламаларына бөлінеді:
1. білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін.
2. орта буын мамандарын даярлауды көздейтін.
Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушыларды ерте
кәсібилендіру қағидаты мен даярлау ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді.
Оқыту ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігіне және тағайындалатын біліктілік деңгейіне байланысты болады және тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартымен айқындалады.
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары орта білімі бар (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік) азаматтар қатарынан қолданбалы бакалаврларды даярлауға бағытталған.