Жоғары білім берудің үш деңгейлі жүйесі
| Бакалавриат | |
|---|---|
| Оқу мерзімі | Меңгерілген академиялық кредиттер көлемімен анықталады |
| Білім беру бағдарламасының құрылымы | Оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушының барлық оқу кезеңінде кемінде 240 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады |
| ЖБП циклі пәндерінің көлемі | 56 академиялық кредитті құрайды |
| БП және бейіндеуші пәндер циклі көлемі | кемінде 176 академиялық кредитті құрайды |
| Магистратура | |
|---|---|
| Оқу мерзімі | бейіндік бағыт-1-1, 5 жыл ғылыми-педагогикалық-2 жыл |
| Білім беру бағдарламасының құрылымы | Магистратура бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушылардың: 1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті; 2) бейінді магистратурада 1 жыл оқу мерзімімен 60 академиялық кредитті және 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 академиялық кредитті игеруі болып табылады. |
| Базалық пәндер циклі көлемі | Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада базалық пәндер циклінің көлемі кемінде 35 академиялық кредитті құрайды, олардың 20 академиялық кредиті жоғары оқу орны компонентіне тиесілі. |
| Бейіндеуші пәндер циклі көлемі | Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде 53 академиялық кредитті құрайды |
| Докторантура | |
|---|---|
| Оқу мерзімі | бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттар - кемінде 3 жыл |
| Білім беру бағдарламасының құрылымы | Философия докторларын (PhD) (бейіні бойынша докторлар даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруі болып табылады: - теориялық оқыту - 45 академиялық кредит; - докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы/ эксперименттік-зерттеу жұмысы - 123 академиялық кредит; - қорытынды аттестаттау - 12 академиялық кредит. |