Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі

Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) Агенттікте оның өнім/қызмет сапасы саласындағы қызметінің мақсаттары мен саясатын қалыптастыру, сондай-ақ қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында енгізілді. Агенттіктің СМЖ СТ ISO 9001-2016 қазақстандық стандарты негізінде құрылған.  

ARQA СМЖ ұйымның негізгі бизнес-процестерін, қызметін немесе үрдістерін сипаттайтын Рәсімдер мен құжаттар түрінде жүзеге асырылады. ARQA - да сапаны ішкі басқару келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады: Сапа бойынша нұсқаулықта сапа саласындағы саясат баяндалған және сапа жүйесі сипатталған; Сапа саласындағы саясат Агенттіктің сапа саласындағы негізгі бағыттары мен мақсаттарын айқындайды, Сапа саласындағы мақсаттар, Құжатталған рәсімдер, Құрылымдар туралы ережелер, Лауазымдық нұсқаулықтар әзірленген.

Агенттік қызметкерлері сапаны қамтамасыз ету саласындағы халықаралық қауымдастықтар мен желілер (ENQA, CEENQA, INQAAHE, IREG және т.б.), Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету саласындағы басқа да серіктестер ұйымдастыратын конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы өз біліктілігін жүйелі түрде арттырады.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру туралы сертификаттар.

  • Сапа бойынша нұқсаулық
  • Сапаны жақсарту жоспары
  • 2023–2027 жылдарға арналған стратегиялық жоспар
  • Сарапшылардың әрбір санаты бойынша оқыту жоспары
  • Қызметкерлердің біліктілігін арттыру туралы сертификаттар
/