ЖБЕК Білім министрлерінің Конференциясы және V Болон саяси форумы

Конференцияға ЕЖБК – нің 36 министрі, Болон саяси форумының-ЕЖБК-ға кірмейтін елдердің 14 министрі, сондай-ақ ESU (Еуропалық студенттер одағы), EUA(Еуропалық университеттер қауымдастығы), EURASHE (жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығы), ENQA(сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастық) өкілдері, жоғары оқу орындарының өкілдері, Еуропалық комиссия, Еуропа Кеңесі қатысты. . Конференцияда Болон процесінің негізгі құндылықтары, Еуропалық студенттік карта, білім беру мен зерттеу арасындағы синергизм қарастырылып, ЖБЕК-нің баяндамасы тыңдалды.

Париж коммюникесі және Болон саяси форумының V мәлімдемесі қабылданды. Коммюнике іргелі құндылықтарды жүзеге асыруды жақсарту қажеттілігін атап өтті.

ЖБЕК министрлерінің келесі конференциясы 2020 жылы (Италия) өтеді.

ЖБЕК министрлерінің Париж конференциясының кездесу материалдары, 2018 жылғы 24-25 мамыр