"ARQA" қызметкерлері "Адами капитал. Сын-қатерлер мен шындықтар"

Панельдік сессия барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев сөз сөйледі, ол өз сөзінде Білім беру саласындағы өзекті мәселелерге, оның ішінде "Атамекен" ҚР ҰКП және ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы "Ақпараттық жүйелер" бакалавриаты мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын бағалау қорытындылары бойынша жасалған жоғары оқу орындарының рейтингісіне тоқталды.

Сессияға министрліктердің, қауымдастықтардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ өңірлердегі ЖОО өкілдері қатысты. Интервьюер ретінде отандық және шетелдік сарапшылар сөз сөйледі.

Сессияның модераторы "Атамекен" ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев болды.