2018 ж. 3-8 желтоқсанға дейінгі кезеңде «World Skills Kazakhstan-2018» ұлттық чемпионаты өтті

ARQA қызметкері Нәби Ы.А. чемпионатқа «CAD инженерлік графика» құзыреттілігі бойынша бас сарапшы ретінде қатысты.

2015 жылдан бастап Қазақстан <strong>WorldSkills Kazakhstan</strong> қозғалысына қатысады.&nbsp;Бұл халықаралық стандарттар негізінде ТжКБ мазмұнын жаңғыртуға, техникалық кәсіптер бойынша өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларының кадрлық қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді. <strong>WorldSkills Kazakhstan</strong> Академиясына біріктірілген қозғалыстың сараптамалық қауымдастығы сарапшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, басшыларды, оқытушыларды, колледждердің өндірістік оқыту шеберлерін дайындауға ықпал етеді.

Колледж студенттерінің WorldSkillks Kazakhstan қозғалысына қатысуы оларға кәсіби біліктілік пен жоғары дағдыларды оқытудың озық тәжірибесімен танысуға, кәсіби шеберліктің ұлттық және халықаралық конкурстарына қатысу тәжірибесін алуға, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.